Место издания:Евразийский гуманитарный институт, 2016 Астана
Первая страница:1
Последняя страница:418
Аннотация:Этнолингвистиканың зерттеу объектісі – барлық жағдайда да этнос тілі екендігі айтылды. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зертеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім,мәдениет, т.б. салалар.
Ендігі мәселе: бір объекті төңірегінде шоғырланған соншама пәннің өзіне меншікті үлесі мен бірлесе отырып шешетін мәселесінің қатынасын айқындап алған да артық емес. Бұл, әрине, өз алдына жеке мәселе. Біздің айтайық деп отырғанымыз: этнолингвистиканың осы пәндермен ара қатысы жайында. Өйткені өзіндік мақсат-мүддесі бола тұрса да, бір ортақ объектіге – «тіл әлеміне», «тіл қазынасына», «тіл құдіретіне» т.б. – соқпай кете алмайтын аталған пәндерден этнолингвистика да бөлініп, жарылып өз алдына оңаша тұра алмаса керек